425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық қоғамдық кеңес: сарапшы пікірі

  • 517
  • UPD: 22:57, 21.12.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы партияларды тіркеу үшін мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін азайтуды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Президент партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30%-тік міндетті квотаны қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, заң шығару органындағы саяси азшылықтың құқығын бекітетін заңнамалық норма енгізілетін болады. Бұл әртүрлі партия өкілдерінің Парламенттегі кейбір комитеттерді басқаруына мүмкіндік береді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде көтерліген мәселелерге қоғам белсенділері де өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Марат Сәрсембаев, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми сарапшысы:

- Президент 30%-тік квота жайында нақты айтып, оның қажеттігін түсіндіріп өтті. Бұл да біздің қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30%-тік міндетті квотаның болуы олардың белсенділігін арттырады. Сондай-ақ басшылық қызметте де өсуіне мүмкіндік жасайды деп ойлаймын және ол квотаны кездейсоқ адам алмауы тиіс. Сондықтан ол конкурстық негізде жасалса, дұрыс болар еді. Сонда қоғам дамуына нақты өз үлесін қоса алатын адамдардың жұмыс істеуіне жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы