419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды

  • 1061
Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды

Қазір барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық маңызға ие күре жолда кешелі бері көлік қатынасы үзілген. Жолда жүздеген жүк көлігі қаңтарылып тұр. Ішінде жолаушылары бар 40-тан астам автобус та бар. Қарлы боранның құрсауында қалған 26 көлік сүйреп шығарылып, 140 адам Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілді. Оның 8-і – бала. Құтқарылғандар жергілікті мәдениет үйі мен мектептерді паналап отыр. Тағы 500-дей адам бет алған бағыттары бойынша пойызбен жөнелтілді. Көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгісіз. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңыздағы жолдар да жабылған. Қазір Жуалы ауданы, Жаңатас пен Қаратау қалаларын жалғап жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы