Жекеменшік сот орындаушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде жыл сайын ел қазынасы 1,4 млрд теңгеге үнемделеді.
Бұл туралы Мәжіліс қабырғасындағы Үкімет сағатында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Қазір сала бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілуде. «Жаңашылдықтың тиімділігі орасан», - дейді мамандар. Жалпы Қазақстанда жеке сот орындаушылардың виртуалды кабинеті жұмыс істейді. 2021 жылға дейін сала толық автоматтандырылады. Бүгінде елде 2200 жеке сот орындаушысы бар. «Ұлт жоспарының» 27-қадамында жеке сот орындаушылар институтын дамытуға көңіл бөлінді. Себебі, бастама нәтижесін берген.