424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда лифт шаруашылығы орталығын құру жоспарлануда

  • 556
Қазақстанда лифт шаруашылығы орталығын құру жоспарлануда

Корей компаниясы Қазақстанда лифт индустриясы үшін орталық салу жобасын жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлады ҚР ИИД министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов Ofe Co., Ltd компаниясының бас директоры Хам Ён-Чхер мырзамен кездесіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыға салды.

Оңтүстік Корея компаниясы лифт орталығын салу бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Жаңа орталық сатудан кейінгі басқару технологияларының трансферті мәселелерімен, құрылыс жабдықтарына қызмет көрсетумен, қамтамасыз етумен, технологияларды дамытумен, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, зерттеумен және әзірлеумен, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізумен айналыспақ.

Айта кететін жайт, шетелдік компания – Алматы облысында лифт өндірумен айналысатын LGS Elevator қазақстандық-корей кәсіпорны үшін бөлшектер мен жинақтауыштарды жеткізуші. Сондай-ақ, компания өкілдері Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасын шығару бағытында да бірлесе әрекет етуге ниетті екендіктерін де жеткізді.

Компанияның бас директоры Хам Ен-Чхер қазақстандық тарап жобаны қолдаған жағдайда бастаманы іске асыру үшін 7-8 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге дайын.

Қазіргі уақытта көп қабатты тұрғын үйлерде 24 025 жеделсаты қолданыста, оның ішінде:

жолаушыларға арналған – 23 547 лифт;

жүк-жолаушы – 478 лифт;

(жұмыс жағдайында – 13 863 лифт; жөндеуді қажет етеді –1 684 лифт; ауыстыруды қажет ететіні - 4 478 лифт.)

Хабар 24 телеарнасы