379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 388 интернет-алаяқ ұсталған – ҚР ІІМ

  • 166
  • UPD: 23:21, 23.12.2019

Интернет-алаяқтықтың басым бөлігі трансшекаралық сипатқа ие. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Интернет арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Қолға алынған шаралар арқасында биыл осындай мыңға тарта жуық қылмыс ашылды. Осы қылмыстарға қатысты 388 адам ұсталды. Олардың 160-ы екі немесе одан да көп қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Интернет-алаяқтықтың басым бөлігі трансшекаралық сипатқа ие. Интернеттегі сауда-саттық барысында тараптардың бір-бірімен кездеспейтіні белгілі. Сол себепті қылмыскер бір өңірде отырып алып, екінші өңірде қылмысын жасай алады», - дейді ҚР ІІМ өкілі ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Рүстем Дүйсетаев өз сөзіне интернеттегі алаяқтықтың бірнеше түрі барын айтады. Бір жағдайда қылмыскерлер жалған жарнамалар арқылы азаматтарды алдаса, екінші жағдайда адамдардың жеке құжаттарын пайдалана отырып, пиғылдарын іске асырады.

«Интернеттегі алаяқтықтың ең көп кездесетін түрі мүлік немесе тауар, қызмет туралы жарнама жариялау арқылы жасалады. Мұндай санатта биыл 4,5 мың қылмыс тіркелді. Алаяқтар мұндай жағдайда клиенттерді арзан бағамен арбап алдайды. Алдын ала жарна немесе толық ақшаны банк картасына немесе электронды әмиянға жіберуді сұрайды. Әлбетте банк карталары мүлде үшінші адамға тиесілі болуы мүмкін», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы