443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы саласында миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді

  • 441
  • UPD: 17:16, 23.12.2019
Ауыл шаруашылығы саласында миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді

Мемлекеттік статистикаға сәйкес, еліміз бойынша ауыл шаруашылығы саласында 1,2 млн-ға жуық тұрғын нәпақа тауып жүр.

Оның шамамен 512 мыңы әйел адам. Айта кетсек, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтардың 141 мыңы қалада тұрады екен. Экономиканың бұл секторында жалдамалы жұмысшылар саны 464 510 адамды құрайды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың қалғаны кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы халықты жұмыспен қамту бойынша сауда, өнеркәсіп және білім беру саласымен қатар жетекші орында келеді.

Биыл қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қазақстандықтардың күшімен 4 трлн 931 млрд 359 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2018 жылдың қаңтар-қараша айларына қарағанда 671 млрд теңгеге артық.

Хабар 24 телеарнасы