443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның еріктілері жалпы хэштегте бірікті

  • 575
  • UPD: 18:00, 23.12.2019

Елордада «Еріктілік – өмір сүру салты» деген атаумен көрме ашылды.

Автор Зарина Байкенова әлеуметтік көмек тақырыбына қатысты ең үздік фотосуреттер топтамасын инстаграмнан жинады. Ондағы кадрлардан адамдардың қазіргі заманғы өзекті мәселелерге бей-жай қарамайтынын көруге болады. Көрмені өткізуге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұрындық болды. Шараны ұйымдастыруға қазақстандықтардың игілікті іс жасауға біріккендігі түрткі болды. Ұйымдастырушылар бір-бірімізге көмектесуге ұялмай, ол туралы әлеуметтік желілердегі #birgemiz хэштегінде жазып отыруға шақырады. «Ұлы Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің директоры Уәлихан Бахретдиновтың айтуынша, Қазақстанда еріктілердің 300-ге жуық ұйымы жұмыс істейді. Биыл бұл қозғалысты қолдайтын 17 орталық құрылды. Бүгінде елімізде кімге де болса қайтарымсыз көмек көрсетуге дайын еріктілер саны 15 мыңға жетті.

Хабар 24 телеарнасы