431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 170 қызметкері түрлі наградамен марапатталды

  • 645
  • UPD: 23:07, 23.12.2019

Адал еңбегі мен темір жол саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін биыл «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының 170 қызметкері түрлі наградалармен марапатталды. Бірі жүкті келіншекті аман-есен босандырып алса, енді бірі шекараны заңсыз кесіп өтпекші болғандарға тосқауыл болды.

Нұралы Арыстанов көп жылдан бері жолсерік болып  келеді. Биыл күзде Алматы-Саратов бағытына шығады. Жолай Шымкенттен көрші елдің төрт азаматы мінеді. Қолдарында Оралға дейін билеттері бар. Поезд Оралға Ресейдің Илецк қаласы арқылы барады. Илецкке жеткенде әлгі төрт азамат түн жамылып, поездан секірмек болады. 

Нұралы Арыстанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолсерігі:  

- Бастарында боксерский шлем бар. Жаман курткалары бар, жаман шалбары бар. Общым қалың киініп алған ғой енді. Секіруге дайындалып. Поезд жүріп келе жатыр. Білдіртпей артынан тартып алдым. Уже аналар дайындалып жатыр басқалары.

Бұған дейін Ресейден депортацияланған төртеуді қырағы жолсерік шекарашыларға тапсырады. Қазір Нұралы жаңа вагондарда жұмыс істейді. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» компаниясы 1қарашадан бастап вагон жабдықтарының жаңа үлгісін енгізе бастады. 47 бағыттың 100 пайызында жеңіл алмалы-салмалы заттар жаңарды. Оның ішінде матрац, жастық, көрпе, перде, сүлгі мен еден төсеніштері бар. 

Ләззат Түстікбаева, жолаушы:

- Өскеменге барғалы отырмын Алматыдан. Рахат. Келіп отырмын. Әппақ төсекорын, жастық, бәрі жып-жылы, тап-таза. Шәугімдері қайнап тұрады.

Жасұлан Ақашев, жолаушы:

- Адамдар үшін условия жасалған. Басқа не керек енді. Таза.

Биыл компания ел игілігі үшін 63 жаңа вагон сатып алды. Тағы 146 жаңа вагон 2020 жылы келеді. Сондай-ақ, қолда барын күрделі жөндеуден өткізіп, жалға алу да жоспарлануда.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Шалбаев

Хабар 24 телеарнасы