378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда аймақтың үздік жастары марапатталды

  • 261
  • UPD: 23:02, 23.12.2019

Бұл түрлі салада ерен еңбегімен ерекшеленген белсенді жастар.

Атап айтсақ, «Ақмола пауэр» инновациялық идеялар байқауының жеңімпаздары, түрлі жастар ұйымдары, жас спортшылар мен өнерпаздар, еңбек адамы мен оқуда озат студенттер, сосын жас мемлекеттік қызметшілер мен журналистер бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл, аймақ жастарының қаймақтары. 30 шақты өренді облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың өзі марапаттады. Солардың бірі 16 жасар өнертапқыш Әлихан Қайыр. Ол, былтырдан бері елдегі көліктерді жанармаймен емес, сумен жүргізсем деп тырысып жүр. Бүгін сол жобасы үздік шығып, ақшалай жүлдеге ие болды.

Әлихан Қайыр, студент:

- Менің жобамды қазіргі көшеде жүріп жатқан қаланың ішіндегі автомобильдерге қолдануға болады. Мысалы, бензин, дизельдің орнына кәдімгідей суды құясыз да, сол сумен жүре бересіз. 

Ал «Жас Ақмола» жастар жүлдесін жеңіп алу үшін биыл байқауға 100-ге жуық адам қатысыпты. Олардың тек 13-і түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Ал, жүзден жүйрік шыққандардың әрқайсысына 200 мың теңгеден сыйақы берілді. Жиында сөз алған өңір басшысы, жастарға ризашылығын білдіріп, саладағы биылғы жетістіктермен бөлісті.

Ермек Маржықпаев, облыс әкімі:

- Облысымызда жастарды қолдау бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 6 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 140 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 720 жастар іс-тәжірибесіне жіберілді. Осы бағдарлама бойынша қысқа мерзімді техникалық мамандықтар курстарында 5 мыңға жуық жас білім алуда. 

Айта кетейік, Ақмола облысында 146 мыңға жуық жас бар. Бұл өңір халқының 20 проценті. Ал аймақта жүздеген жастар ұйымдары жұмыс істейді. Енді олар еріктілер жылында өтетін түрлі іс-шараларға да белсенді атсалыспақ. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы