428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 20-ға жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шықты

  • 681
  • UPD: 09:58, 24.12.2019
Қарағанды облысында 20-ға жуық ерікті тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шықты

Жаңа жыл қарсаңында түрлі жарылғыш заттардың саудасы қызатыны белгілі. Одан жарақат алып жатқандар да аз емес. Қайғылы жағдайды болдырмас үшін еріктілер базар аралап, 6 күн ішінде заң талаптарын бұзған 9 адамды анықтаған. Шамамен 1500-ден астам пиротехника тәркіленді. Қазір өңірде еріктілер көптеген қоғамдық жұмыстарға атсалысып, белсенділік танытып жүр.

Әди Сүлейменов, ерікті:

- Біз полиция қызметкерлерімен тек пиротехникалық рейдтарға ғана емес, түнгі рейдтерге де шығамыз. Волонтер болу - бұл халыққа қызмет көрсету, бұдан біз ақша алмаймыз. Тек халық үшін. Көбінесе біз детский домдарға барып көмектесеміз, қарияларға, жүре алмайтын ақсақалдарға барып, үйлерін жинасамыз.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Жоғалған адамды іздестіру кезінде бізге қосымша күштің қажет екені рас. Осы тұрғыдан алғанда еріктілердің көмегі көп болып тұр. Мәселен, жыл басынан бері балалар, балықшылар, альпинистер жоғалғанда, еріктілер белсенділік танытты. Енді біз жыл соңына дейін еріктілерге арнап арнайы киім тіккізуді жоспарлап отырмыз және оларға полиция қызметкерлерімен байланыста болу үшін рация үлестіреміз.

Хабар 24 телеарнасы