420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 2700-ден астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылған

  • 495
  • UPD: 08:49, 24.12.2019
Ақмола облысында 2700-ден астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылған

Ақмола облысында жыл басынан бері 2 мың 700-ден астам шетел азаматы жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар көші-қон заңын бұзған. Жалпы биыл аймаққа 30 мыңнан аса шетелдік келген екен. Көбі ТМД елдерінен, дейді тәртіп сақшылары. Сырттан келгендер көп жағдайда уақытша тіркеуге тұрмайды. Ал тіркелгендері визасын уақытылы жаңартып отыруды ұмыт қалдырады.

Айта кетейік, олардың басым бөлігі – облыс орталығы мен елордаға жақын орналасқан аудандарға жұмыс істеуге келген азаматтар. Шетелдіктерді елге заңсыз алып келген Қазақстан азаматтары да жауапкершілікке тартылыпты. 

Ақылбек Мадғұлов, облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

– Жыл басынан бері қазақстандық 136 азамат шетелдіктерді елге заңсыз кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ал көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 400-ден астам шетелдік Қазақстан аумағынан қуылды.

Хабар 24 телеарнасы