378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында тас жолдарға патрульдік көліктердің макеттері қойылуда

  • 211
Ақтөбе облысында тас жолдарға патрульдік көліктердің макеттері қойылуда

Ақтөбе облысындағы тас жолдарға дауыс құрылғысы бар патрульдік автокөліктердің макеттері қойылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – өңірде жол-көлік апаттарының алдын алуға бағытталған шаралардың бірі. Әзірге республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың бойына бесеуі орнатылды. Олар «Ақтөбе-Астрахань» және «Самара-Шымкент» бағытындағы көлік дәлізінде тұр. Таяу уақытта қауіпті аумақтарда сағатына 60 шақырым жылдымдықпен жүретін жол белгілері де орнатылмақ. Бұл – әкімшілік полиция басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» қоғамының бірлескен жұмысы. Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс жолдарында көлік қозғалысы қиындаған. Ал жыл басынан бері жол апатынан 99 адам қаза тауып, жүздеген жолаушы жарақаттаныпты. Бұл жолғы алдын алу шарасы темір тұлпар иелеріне әсер етіп, олардың жауапкершілігін арттыра түседі деген үміт бар.

Еркін Өтеген, облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы:

– Мұның бір ерекшелігі, төбесіндегі жарық шамдары жанып тұрады. Көк және қызыл түсті. Күн батареясынан жұмыс жасайды. Бұл апаттың алдын алып, жүргізушілерді алыстан байқап, жылдамдығын түсіреді деген нәтиже бар. Бұл көптеген елде, басқа облыстарда да қолданылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы