428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жол апатынан бір аптаның ішінде 39 адам қаза тапты

  • 525
  • UPD: 10:57, 24.12.2019
Елімізде жол апатынан бір аптаның ішінде 39 адам қаза тапты

Қазақстанда 16-22 желтоқсан аралығында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«16-22 желтоқсан аралығында 39 адам қаза тауып, 158 адам түрлі дене жарақатын алды. Жолдағы көлік оқиғаларына ауа райының қолайсыздығы әсер етті. Кенеттен күннің жылынып кетуі, көктайғақ, одан соң тұман жол апаттарына себеп болды», - деді министр.

Өткен аптада ауа райына байланысты жолдағы жағдайдың қолайсыздығына байланысты 11 облыста жол жабылды. ІІМ басшысының айтуынша, БАҚ және СМС-хабарламалар арқылы жасалған жолға шықпау туралы ескертулерді ескерместен көптеген жүргізуші жолға шығып кеткен.

«Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан 8 облыста жағдай әлі тұрақсыз. Олар – ШҚО, Атырау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО және Түркістан облысы. Осыған байланысты облыс әкімдерін жағдайды бақылауға алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірге күш жұмылдыруға шақырамыз, - деді Е.Тұрғымбаев.

Хабар 24 телеарнасы