437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин кәсіпкерлік жобалар бойынша төмен көрсеткішке ие қалаларды атады

  • 280
  • UPD: 11:23, 24.12.2019
А.Мамин кәсіпкерлік жобалар бойынша төмен көрсеткішке ие қалаларды атады

Кәсіпкерлер жобаларын толық іске асырғанға дейін оларды қолдау қажет. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Ішкі нарықты отандық тауарлармен барынша толықтыру үшін қарқынды жұмыс істеп, жергілікті өндірушілердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек. Өңірлер осы бағдарламалар шеңберінде белсенділігін арттырып, жұмыс істеуі қажет деп санаймын», - деді.

Айтуынша, қазіргі уақытта кредит берілген жобалардың соммасы 206 млрд теңгені құрайды.

«Бүгінгі таңда мақұлданған жобалар бойынша ең жақсы көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар артта қалған өңірлер де бар. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Қостанай қалалары. Артта қалған өңірлер осы бағытта жұмыс қарқынын арттыруы керек», - деді Үкімет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы