430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте алаяқтық жасаған салық қызметкері сотталды

  • 572
Шымкентте алаяқтық жасаған салық қызметкері сотталды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы жетекші маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Ш.Пернеевке қатысты жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол ЖШС-нің басшысына тиесілі құны 5 миллион теңге тұратын Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін алдау арқылы ЖШС-ін банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен иемденіп алған», – делінген хабарламада.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 23 желтоқсандағы үкімімен Ш.Пернеев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруымен қатар 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы