421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

  • 1098
  • UPD: 13:02, 24.12.2019
Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған екі жүз бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің шыршасына бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары, оның ішінде жетім және мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылды. Әр балаға сыйлықтар берілді.

«Бүгін сендердің өз батырларың бар, шырша мерекесіне жаңа жылдық костюмдермен келдіңдер және міндетті түрде орындалуы тиіс ізгі ниеттеріңді ойладыңдар. Бастысы – жақсы оқу және білімге ұмтылу, терең білімнің арқасында ғана байтақ еліміздің лайықты азаматтары ретінде сүйікті қаламыздың дамуына өз үлестеріңді қосатын боласыңдар», – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.



Аяз ата, Ақшақар мен бірге Алдаркөсе, Тазша бала және «Мұзды Джек» мультфильміндегілер жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлеріне айналды. Жаңа жылдық көрсетілімге «Сенім» вокалды-хор студиясы, «Непоседы», «Наз», «Аспан», «Еркеназ» би ұжымдары және «Diamond» шоу-балеті қатысты.

Хабар 24 телеарнасы