376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да биыл 11 балықшы суға кеткен

  • 209
  • UPD: 14:03, 24.12.2019
ШҚО-да биыл 11 балықшы суға кеткен

Биыл Шығыс Қазақстан облысында әуесқой 11 балықшы суға тұншығып қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бәрі де – мұз толық қатпай ау құрып, қармақ салғандар. Сондықтан өңірдегі төтенше жағдай қызметкерлері балықшыларға қауіптен сақтанудың жолдарын көрсетті. Құтқарушылар жаңа жыл мерекесіне орай аяз ата мен ақша қарша киініп, оқу-жаттығу мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әуесқой балықшылар үшін биыл аймақта арнайы 70 орын белгіленді. Қазір кейбір өзен-көлдерде мұздың қалыңдығы 20 сантиметрге әлі жетпеген. Сол үшін құтқарушылар балықшыларға ерекше абай болуды ескертеді.

Владимир Субботин, облыстық ТЖД жедел-құтқару отрядының бас құтқарушысы:

– Күн суытқаннан бері су қоймаларының көбі қатып қалды. Бірақ бәрінде мұздың қалыңдығы бірдей емес. Біреуінде қалың. Енді бірінде өте жұқа дегендей. Кейде мұз өте жұқа болғандықтан, ол қайғылы жағдайға әкеп жатады. Сондықтан біз жаңа жыл қарсаңында балықшылардың назарын ерекше аудару үшін аяз ата мен ақша қар кейпіне еніп сақтандыру шараларын жүргізіп жатырмыз. Қыста балық аулауға құмар жандар үшін өте абай болуын және ішімдік ішпеуін ерекше ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы