418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда мүгедектерге арналған электр қуатымен жүретін арбалар шығарылмақ

  • 468
  • UPD: 14:00, 24.12.2019
Қазақстанда мүгедектерге арналған электр қуатымен жүретін арбалар шығарылмақ

«Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электрарбаларын шығара бастайды, деп жазды miid.gov.kz

Жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тиісті меморандумға қол қойылды. Осы ведомствоның тапсырысы бойынша келесі жылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер үшін 1374  арбаны дайындау жоспарланып отыр.

Арбаның жалпы салмағы 70 кг аспайды, жүру қашықтығы – 15 шақырым, және 140 кг салмақты көтере алады. Бұл «Тыныс» зауыты конструкторларының жеке туындысы. Қазіргі уақытта өнімнің алғашқы партиясы сынақтан өтіп, оған қолданушылар тарапынан оң пікірлер айтылды.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 2700 арба шығаруға жетеді. Инвестиция көлемі 173,3 млн. теңгені құрайды. Қазақстанда өндіруші жоқ болғасын мұндай арбалар бұрын Ресейден, Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелінетін. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың арнайы қозғалыс құралдарына деген сұраныстарын қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және әскери-өнеркәсіптік кешен көлемі бойынша азаматтық өндірістің үлесін көбейтуге септігін тигізеді.

«Тыныс» зауытының негізгі өнімдері – авиациялық техникаға арналған қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдар үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ мұнда мұнай-газ және темір жол саласына арналған азаматтық өнімдер де шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы