431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 3 жарым мың полигонында 120 млн тоннадан астам қалдық жиналған

  • 592
  • UPD: 15:39, 24.12.2019

Еліміздің 3 жарым мың полигонында 120 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық жинақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын оған тағы 5 млн тоннадан астам тұрмыстық қалдық қосылады. Бүгін Үкімет отырсында Экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осындай деректермен бөлісті. Ведомство басшысының хабарлауынша, 2016 жылдан бастап тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу көрсеткіштері артқан. Дегенмен қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзектілігін жоғалтпай тұр. Сондықтан министрлік жаңа Экологиялық кодекс әзірледі. Жеті қағидаға негізделген құжатты дайындау барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі ескерілген. Кодекске сай, «алдағы уақытта өнеркәсіп кәсіпорындарына зиянды заттар көлемін азайтатын технологиялар ұсынылады. Оны қолданған кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Ал бұл жүйеге ауыспағандарға эмиссия үшін төлем мөлшері артады», - деді министр. Сонымен қатар кодекске ілеспе заң жобасында табиғатты қорғау іс-шараларын толықтай экологиялық төлемдер есебінен қаржыландыру қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы