376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент шешімі журналистердің жұмысын жеңілдетті – сарапшылар

  • 233
Президент шешімі журналистердің жұмысын жеңілдетті – сарапшылар

Жала жапқаны үшін ауыр жаза тағайындалады.

Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ өткен аптада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық Кодекстегі осы бапқа өзгеріс енгізуді тапсырды. Бұдан былай, жала жапты деген адам қылмыстық жауапкершілікке емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көптеген сарапшы Президенттің бұл шешімі журналистердің жұмысын жеңілдетті дейді.

Михаил Дорофеев, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Жала жапқан адам жауапкершіліктен сытылып кетпейді. Осыған дейін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Енді Президенттің бұйрығымен ондай күдікке ілінгендер қомақты айыппұл төлейді. Бұрын жала жабуды қылмыстық жауапкершілік деп танығанда, журналистердің қолы жіпсіз байланған еді. Өйткені сын-пікір айтылса, көп адам қорғану үшін журналистерді «жала жапты» деп айыптап, сотқа сүйрейтін. Енді бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы біршама жеңілдейтіні анық.

Хабар 24 телеарнасы