447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елордада 22 мың жұмыс орны ашылды

  • 300
  • UPD: 17:25, 24.12.2019
Биыл елордада 22 мың жұмыс орны ашылды

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлады Елорда Инфо

«Осы жылдың 11 айында ел экономикасының даму қарқыны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,4 пайыз өскен. Соның нәтижесінде халықтың табысы 5,7 пайызға артты. Осы 11 айдың ішінде ел экономикасын дамытуға 10 трлн 8 млрд теңге тартылды. Одан бөлек, ел көлемінде 400 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 22 мың жұмыс орны елордада ашылды», – деді Бердібек Сапарбаев елорда халқымен кездесуінде.

Оның айтуынша, жұмыссыздық көрсеткішін азайту мемлекет басшысы тапсырмаларының бірі саналады.

«Биылғы 11 айда Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 4,5 пайызды құрайды. Жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге жыл санап ерекше мән берілуде. Айта кетсек, былтыр бұл салаға мемлекеттік бюджеттің 43 пайызы бағытталса, биыл ол 45 пайызға көтерілді. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайызға артады», – деді ол.

Айта кетсек, бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Алтай Көлгіновтің елорда тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Кездесуде азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алуда.

Хабар 24 телеарнасы