380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда бала өліміне себепші болған батуттың иелері сотталды

  • 282
  • UPD: 22:39, 24.12.2019
Қарағандыда бала өліміне себепші болған батуттың иелері сотталды 7kun.kz

Қарағандыда бала өліміне себеп болған батут оқиғасы бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін балалар зардап шеккен үрмелі аттракционның қожайындары 5 және 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, биыл мамыр айында қатты жел саябақтағы батутты ұшырып әкетіп, салдарынан бір бала мерт болған еді. Тағы екі жеткіншек ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Бүгін Ерлан мен Әлия Тәкішевтердің кінәлары толық дәлелденіп, жаза тағайындалды. Олар орталық саябаққа үрмелі аттракционды заңсыз орнатқан және қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Ерлан Тәкішев бұрын Абай қаласы өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. Ол сот шешімімен 5 жылға қамауға алынды. Ал жұбайы Әлия Тәкішеваға сот 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ерлі-зайыптылардың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар. Батуттың қожайындары зардап шеккен отбасыларға 8,5 млн теңге өтемақы төлейтін болады.

Арғын Құтышев, Қазыбек би аудандық сотының судьясы

- ҚР Қылмыстық кодексінің 74 бабы 1-тармағы бойынша Әлия Тәкішеваның кәмелетке толмаған балалары бар екендігіне сәйкес оның жазасы 5 жылдан аз тағайындалды. Тәкішеваның тәртібін мамандандырылған мемлекетттік орган бақылауда ұстайды.

Хабар 24 телеарнасы