427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі

  • 578
  • UPD: 21:13, 24.12.2019

Жыл соңына дейін елордада 10 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, 2,5 мың астаналық үлескердің мәселесі шешіледі. Бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесіп, осындай ақжолтай ақпармен бөлісті. Алтай Көлгінов «келер жылы биылғыдан екі есе көп баспана беріледі, сөйтіп, алдағы 2-3 жылда үлескерлер мәселесі түбегейлі шешіледі», - деді. Қазір елордада 14 мыңға жуық үлескер бар.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Қолжетімді баспананы Тілендиев көшесінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында 419 пәтер тапсырдық, ол кезекте тұрған азаматтарға. Сонымен бірге жуық арада Уәлиханов көшесінде 1050 пәтер жастарға тапсырдық. Және осы жұмада 600 пәтер береміз.

Бүгінгі кездесуде баспанадан бөлек, елордалықтарды мазалаған біраз мәселе талқыланды. Дені әлеуметтік салаға қатысты түйткілдер.

Еске салайық, жаңа жылдан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа механизмі қолға алынады. Қазір елордада мемлекеттік жәрдемақы алатын 16 мың отбасы тіркелген. Тағы 5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Өткен 11 айдың ішінде 1 миллион 600 мың қазақстандыққа 245 миллард теңге атаулы әлеуеметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде 1 миллион 100 мыңы балалар.

Хабар 24 телеарнасы