432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісі тоқтап тұр

  • 532
  • UPD: 20:34, 24.12.2019
Қостанайда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісі тоқтап тұр

Қостанай облысы бойынша жылына 300 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, арнайы полигондар мен қоқыс алаңдарына төгіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның тек 10%-і қайта өңделіп, кәдеге жаратылады екен. Өңірде осы мәселені шешудің жол картасы да жасалған. Қоқыс қабылдайтын орындар ашылып, оны сұрыптап жинауға көңіл бөліне бастаған еді. Бұл іске жеке кәсіпкерлер тартылған. Сөйтіп, облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде тұрмыстық қалдықты бөліп, сұрыптайтын желі іске қосылды. Бұл конвейер жылына 100 мың тонна қоқысты қайта өңдей алады. Алайда, не керек, 55 миллион теңге тұратын желі жеті айдан бері қаңтарылып тұр. Сондағы себеп, жұмыс істейтін адам жоқ.

Александр Кушнир, коммуналдық кәсіпорын директоры:

- Бүгінде экологиялық талап бойынша қоқыс полигондарына негізінен сұрыпталған тұрмыс қалдықтарын қабылдау қажет. Сондықтан біз осы желіні орнаттық. Бұл кешенде 25 адамды жұмысқа орналастыруға болады. Бірақ 80 мың тенге еңбекақы береміз десек те, әзірге ешкімнің келгісі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы