424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемқызметшілерге Жаңа жыл қарсаңында сыйлық алудан аулақ болу туралы ескертілді

  • 860
  • UPD: 08:08, 25.12.2019
Мемқызметшілерге Жаңа жыл қарсаңында сыйлық алудан аулақ болу туралы ескертілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлық алуға және беруге болмайтындығын ескертеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен төмен тұратын (5050 теңге) сыйлық бергені үшін 200 АЕК (505 мың теңге) әкімшілік айыппұл, ал мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК (1 миллион 515 мың теңге) әкімшілік айыппұл қарастырылған. Құны 2 АЕК-тен жоғары тұратын сыйлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады» делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметшінің келген сыйлық жөнінде хабары болмаса, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алынған сыйлықтар жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға ақысыз жеткізілуге жатады. 

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің сыйлықтар мен қызмет түрлерін алуға, аталған тұлғаның қызметімен байланысты жеке және заңды тұлғалар есебінен туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыру қағаздарын қабылдауға құқығы жоқ. 

Ал қарапайым қоржын қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаларын өрескел бұзу ретінде қарастырылады.

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай байланыс орталығы немесе +7 775 160 5532 WhatsApp номері арқылы хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы