422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз Қырғызстанның ЕО-ның «қара тізімінен» шығуына көмектеседі

  • 492
  • UPD: 11:43, 25.12.2019

Қазақ елі  Қырғызстанға Еуроодақтың авиация саласындағы «қара тізімінен» шығуға көмек береді. Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйымның қойған талаптарының бірі ұшқыштарды заманға сай стандарттармен дайындау болып тұр. Қырғызстан тарапы осы мақсатта Қарағандыдағы авиация-жаттықтыру орталығын таңдады.

Еуроодақ Қырғызстанды қара тізімге енгізгеніне 13 жыл болды. Жергілікті авиация мамандары одан шығуға үнемі тырысса да, тек соңғы жылдары бұл бағытта ілгерілеу байқалып отыр. Еуропадағы қауіпсіздік стандартарына сәйкестендіру бойынша қойылған басты талаптың бірі - ұшқыштар дайындығы. Ұзақ уақыт таңдау жасаған Қырғыз тарапы ақыры Қарағандыдағы авиациялық-жаттықтыру орталығына тоқтады. 

Улан Курманов, қырғыз авиациялық институтының директоры:

- Шетелдегі бірнеше оқу орнын қарастырдық. Атап айтсақ, Түркия, Балтық елдері, Ресей мен Қазақстан арасында таңдау жасаЛДЫ. Бағасы мен сапасы және біздің жағдайымызға сәйкестігі жағынан Қазақстанға тоқталдық. Қарагандыда мемлекеттік тапсырыспен ұшқыштарды дайындайтын оқу орталығы бар. Бізде ондай мемлекеттік тапсырыс жоқ. 

Соңғы 3 жылда Қарағандыдағы авиациялық-жаттықтыру орталығы Қырғызстан үшін 19 ұшқышты дайындап шығарды. Олардың көбі өз елінде жұмыс істейді. Төртеуі ресейлік әуе компаниялардан жұмыс тапқан. Биыл күзде Қырғызстан «Қара тізімнен» шығу бағдарламасының 29 бабын орындағаны туралы Еуроодаққа есеп берді. Дегенмен, келесі жылы да қырғыз әуе компаниялары үшін Еуроодақ аспаны ашылмайтын түрі бар. 

Алмаз Биймурзаев, Қырғызстан азаматтық авиация агенттігі бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл мәселе ақырындап шешіле бастады. Көп жұмыс атқарылып, біраз жетістікке қол жеткіздік. Дегенмен, әлі де олқылықтар бар. Оны білеміз және бұл бағытта еңбек етіп келеміз. 

Авиациядағы түйіткілді шешу үшін өткен жылы Қырғызстан үкіметі «ашық аспан» саясатын қабылдауды ұйғарды. Мұндағы басты мақсат - шетелдік әуе тасымалдаушылардың инвестицияларын осы салаға тарту. О баста жергілікті әуекомпаниялар бәсекеге шыдамайды деген күдік болды. Алайда Қырғыз әуетасымалдаушылары өз ісін одан әрі жалғастыруда. Ал елде жаңа 4 әуе рейсі ашылды. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы