424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париждегі моңғолдар қала орталығына киіз үй тігуге әрең рұқсат алды

  • 702
  • UPD: 10:47, 25.12.2019

Париждегі ең ірі Жаңа жылдық жәрмеңке тарихында алғаш рет жәрмеікелік шатырлар арасында киіз үй тігілді. Ля Дефанс ауданында тұрған бұл үй қала тұрғындары мен туристтердің үлкен қызуғышылығын туғызды.

Киіз үйде келген қонақтардың бәрін құшақ жайып қарсы алады. Франциядағы моңғолдар қауымдастығының жетекшісі қала орталығында осы үйді тігуге әрең рұқсат алғанын айтты. Енді Эрденхуяг Байярсайхан келесі жылғы жәрмеңкеде көшпелі халықтар фестивалін өткізуді мақсат тұтқан. Сол себепті қазақ қолөнершілерін осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

Эрдэнхуяг Байярсайхан, «Мәңгі Моңғолия» қауымдастығының президенті:

- Біз көшпелі халықтардың өкілдеріміз. Еуропа тұрғындарының барлығы алуан түрлі мәдениеттерді түйістірген Ұлы жібек жолын біледі. Осыны мақтан тұтумыз керек. Жаңа Жібек жолы фестивалін бірге ұйымдастырайық. 

Францияда көп ұлттың өкілдері тұратыны белгілі. Сондықтан жәрмеңкелерде жергілікті фуаградан бастап, Африкалық әшекейлер мен Кариб аймағы елдерінің тағамдары сатылды. Көпті көрген жергілікті халықты таң қалдыру қиын. Дегенмен, киіз үй жұрттың үлкен қызуғышылығын туғызды. 

Лео, жәрмеңке қонағы:

- Ерекше дүние екен. Бұрын-соңды мұндай үйді еш жерден көрмедім. Маған қатты ұнады. 

Жаңа Жыл алдында Францияның өзге аймақтарында да көшпелілердің ізін көруге болады. Елдің батысында дәстүрлі жәрмеңкелік шатырларды киіз үйлермен алмастырды. Ал жазда Францияның оңтүстігінде мектеп жанындағы лагерьде киіз үйлер орнатылған болатын. Жәрмеңкеге келушілерді ұсынылған тауарлардан гөрі киіз үйді сатып алу мүмкіндігі қызықтырып отыр. Айтпақшы ол да саудаға қойылған екен. 

Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы