429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келер жылдан бастап жұмыссыз қазақстандықтар тек сұранысқа қарай оқытылады

  • 422
  • UPD: 12:10, 25.12.2019
Келер жылдан бастап жұмыссыз қазақстандықтар тек сұранысқа қарай оқытылады қазақпарат

Биыл он бір айдың ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 176 млрд теңге ақша жұмсалған.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Нәтижесінде 400 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты, 46 мыңға жуық грант пен жеңілдетілген несие алды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап азаматтар тек қана жұмыс берушілердің сұранысына қарай оқытылатынын айтып өтті.

«Жұмыс берушілер сұранысына қарай оқытамыз. Сонда жұмыс табу, жұмысқа тұру мәселесі туындамайды», - деді.

Айта кетсек, аталған бағдарлама 3 жылдан бері жүзеге асып келеді. Негізгі мақсаты – қазақстандықтардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

Хабар 24 телеарнасы