376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл терроризмге қатысы бар 31 шетелдік ұсталды – ҰҚК

  • 227
Биыл терроризмге қатысы бар 31 шетелдік ұсталды – ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2019 жылы терроризм мен экстремизимге қатысы бар 31 шетелдіктің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында тараптардың шекара қызметтері өзара байланыста әрекет етеді. Тұрақты түрде жыл сайын, әр тоқсан сайын осы қызметтердің сарапшылар тобы жиналып, қажетті шешімдер шығарады. Жылда ең кемі бір рет шекара ведомстволарының басшылары бас қосып, отырыс өткізеді. Отырыста қажетті шешім қабылдап, ол шешімдер жүзеге асырылады. Бұл тәжірибе «Ынтымақтастық» деген бірлескен шекара операциясы арқылы атқарылады. Осы 2019 жылы Қазақстанның шекара қызметкерлері іздеуде жүрген 10 шетелдікті ұстап, өз елдеріне қайтарды», – деп тоқталды Нұрғали Білісбеков Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Бұдан бөлек ол ҰҚК-ның іздеу жұмыстарының нәтижесі туралы айтты.

«Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел іздеу жұмысын ұйымдастырады. Осы жұмыстың барысында 2019 жылы терроризм мен экстремизимге қатысы бар 31 шетелдікті ұстадық және олар елдеріне қайтарылды», –дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Құжатта ШЫҰ елдерінің аумағында экстремистік ұйымдарды кіргізбеудің қадамдары айқындалды.

Хабар 24 телеарнасы