419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңі мәресіне жетті

  • 1344
  • UPD: 18:05, 25.12.2019

Жобаға қатысуға 2 мыңға тарта адам өтініш білдірген. Солардың тек 32-сі жеңімпаз атанды. Олардың қатарында әр түрлі саланың өкілдері бар. Жалпы, барлық қатысушыға 700 мыңнан аса дауыс берілген. Айта кетейік жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы жетістікке  жеткен жандардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып, ел дамуына үлес қосуға, еңбек етуге, бәсекеге қабілетті болуға шақырады. 

Рүстем Ермекбай, кәсіпкер:

- Еңбекті көріп бағалап, жеңімпаз деп танып жатыр. Бұл үлкен қолдау. Қазақи нақыштағы киімдер тігеміз. 250 мыңнан аса киім өндірдік. Серіктестеріміз бар 1200-ден аса 20 қалада. Мен өзі шетелде туып өскенмін. Әжемнің оюларын көріп өстім. Армайтынмын қазақи киім тігуді. Компанияда ашқанда қалтамда 35 мың т еңге болған. Қазір үлкен холдингке айналдық. 

Шәкәрім Сейсенбай, № 54 мектеп-лицейінің директоры:  

- Жасым 28-де. Білім саласында 10 жылдай қызмет етіп келе жатырмын. Бірнеше жерде қызмет атқардым. Тәрбиеші болдым. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым. қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы нөмірі 54 мектепте мектеп директорымын. Директор болу әрине оңай емес. Бірақ адам өзіне ұнаған мандықты таңдаса жеңіл болады.

Хабар 24 телеарнасы