377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда Президент шыршасы қалай өтті

  • 283
  • UPD: 23:21, 25.12.2019

Түркістан өңірінің балғындары жаңажылдық Президент шыршасын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жыл сайынғы дәстүрлі шараға биыл 200-ден астам өнерлі өрен қатысты. Шаһарда екінші рет өткізіліп отырған президенттік шырша «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбына арналды. 

Биыл Түркістан қаласындағы шырша тойы жаңадан ашылған Олимпиада резервін даярлау орталығында өтті. Президенттің жаңажылдық мерекесіне облыстың барлық аймағынан 200-ден астам бүлдіршін қатысты. Барлығы да көңілді. Шетінен сұлу. Мерекелік киімдері көздің жауын алады.

Айзере Ибадуллаева, 1-сынып оқушысы /Кентау қаласы/

– Еліміз аман болсын. Анамыз шаршамасын. Анамызға көмек көрсетейік. Жаңа жылда бәріміз жарқырап жүрейік.

Марат Махамбетәлиев, 6-сынып оқушысы /Қазығұрт ауданы/

– Маған Президент шыршасы қатты ұнады. Өйткені шыршада әдемі жануарлар болды. Біз көп биледік. Маған жаңа жыл ұнады. 

Президент шыршасына қатысқан бүлдіршіндердің барлығы – облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда білімімен, өнерімен, спорттағы жетістіктерімен көзге түскен облысымыздағы дарынды да, талантты балалар. Арасында мүгедек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан шыққан оқу озаттары да бар. Кеш барысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев балғындарды мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

Рақымбек Жолаев, адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы

– Барша бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстармен оқуда озат болып, үлкен жетістіктерімен облысымыздың атын республикада, еліміздің абыройын халықаралық додаларда желбірете берулеріне тілектеспін. 

Шара Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Кеш соңында шыршаға қатысқан әр балаға сыйлыққа ноутбук, жылы киімдер үлестіріліп, тәттіге толы қалталар таратылды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы