Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан – Щучинск бағытындағы трассада жол апаттары азаймай тұр

  • 189
  • UPD: 07:37, 26.12.2019
Нұр-Сұлтан – Щучинск бағытындағы трассада жол апаттары азаймай тұр

Ақмола облысында жыл басынан бері 400-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелсе, олардың 29-ы Нұр-Сұлтан – Щучинск бағытындағы ақылы жолда болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 33 адам ауыр жарақаттанып, 7 кісі ажал құшқан. Апаттың алдын алу үшін аймақ полицейлері жолдың бірнеше жеріне фотокамера қойыпты. Ол жылдамдықты асырған көлікті өзі тіркеп, ақпаратты арнайы орталыққа жөнелтеді. Осы арқылы заңбұзушыға айыппұл жолданады. Қондырғылардың бірі Щучинск қаласының тұсында болса, екіншісі Бұланды ауданының аумағында орналасқан. Алайда, бұның өзі қазір нәтиже бермей отыр. Ал, полицейлер болса, «қайғылы жағдайларға жүргізушілердің өздері кінәлі» дейді.

Аслан Қызбикенов, облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- «Біздегі ең негізгі проблема – жылдамдықты асыру. Белгіленген жылдамдықты сақтамау, өте қиын жағдайларға алып келеді. Мәселен, ЩучинскНұр-Сұлтан тасжолында бір апаттан 3-4 адам көз жұмған оқиғалар болды. Бұл айдың-күннің аманында болған апаттар. Ал боранды күндері немесе көктайғақ болған кездері ешқандай жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы