377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің мұз қатқан көшелерін тазарту қолға алынды

  • 150
  • UPD: 08:30, 26.12.2019

Ақтөбенің мұз қатқан көшелерін тазарту енді ғана қолға алынды.

Бұған дейін қаланың он шақты жолындағы қалың қарды шығару кейінге қалдырылған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бораннан кейін басталған аязды күндер көшелерді көктайғаққа айналдырған. Ал, мердігер мекемелердің арнайы техникалары басты даңғылдар мен көпірлер және жол қиылыстарын тазартудан босамапты. «Себебі, автобустар жүретін және көлік ағыны көп жолдарды күтіп ұстау бірінші кезекте жүргізіледі», дейді жауапты мекеме мамандары. Жалпы қыс мезгіліндегі қала тазалығын қамтамасыз ететін 10 компания бар. Онда күніне 150 адамнан тұратын 12 бригада жұмыс істейді. Облыс орталығынан өзге, Ақтөбеге жақын орналасқан бес елді мекеннің көшелерін де қар, мұздан тазарту мердігер мекемелердің міндетіне кіреді.

Ернар Қалауов, қалалық ТКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Негізі екінші дәрежелі көшелер. Қазіргі ауа райының қолайлығына байланысты тұз қосындысын сеуіп, арнайы автогрейдер техникасын шығарып, сол жолда қатып қалған мұздарды қыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең бірінші көңіл бөлетін жолымыз арнайы қоғамдық көлік жүретін жолдарды тазартамыз. Содан кейін барып үлгере алмай, қалғандықтан екінші көшелерді тазартамыз.

Хабар 24 телеарнасы