377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райының күрт құбылуына байланысты үш облыста жолдар жабылды

  • 315
  • UPD: 09:30, 26.12.2019
Ауа райының күрт құбылуына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Ауа райының күрт құбылуына байланысты дәл қазір еліміздің 3 облысында жолдар жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті автожолының 16-шақырымнан 200-шақырымға дейін қозғалысқа шектеу қойылды. Сонымен қатар Қызылорда – Павлодар және Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта да осындай жағдай.

Айта кетейік, күн райының қолайсыздығынан өткен аптада 104 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, температураның аяқасты төмендеп, артынан көктайғақ пен тұманның пайда болуы қайғылы жағдайларға жиі әкеледі. Бұған қоса, әрине, көп нәрсе жүргізушілердің өзіне де байланысты. Өйткені шұғыл хабарламаны ескермей алыс жолға шығып кететіндер бар. «Сонымен қатар әлі күнге дейін жазғы дөңгелектерін ауыстырмай, тәуекелге бас тігетіндер үлкен қауіп төндіреді», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы