427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖК: Арнайы хабарламаларды ескермей, жолға шығып кететіндер көп

  • 518
  • UPD: 13:27, 26.12.2019
ТЖК: Арнайы хабарламаларды ескермей, жолға шығып кететіндер көп

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 аймақта 57 жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жалпы ұзындығы 75 мың шақырымды құрайды. Бұл өткен аптадағы көрсеткіш. Осындай алдын алу шаралары мен арнайы хабарламаларды ескермей, жолға шығып кететіндер көп. Ішкі істер министрілігінің мәліметінше, өткен аптада мыңнан аса көлік қар құрсауында қалған. Оның 120-сы эвакуцияланып, 905 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Бұл жұмыстарға жүздеген төтенше жағдай және полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Бұған қоса, медицина мамандары да күні-түні көмек көрсетуге дайын. Мәселен, осы аралықта жедел жәрдем қызеткерлері жолдағы 42 апатқа аттанған. Оның барысында 41 адамға арнайы көмек көрсетіліп, 20-сы ауруханаларға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы