429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толуына арналған шара өтті

  • 587
  • UPD: 12:07, 26.12.2019
Елордада Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толуына арналған шара өтті

Елордадағы «Жауынгер-интернационалистер мемориалы» ескерткіші алдында Кеңес әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толуына арналған еске алу өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Еске алу күніне арналған шараға Ауған соғысы ардагерлерімен қатар елорда әкімдігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер және «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.

Шара барысында қауым алдында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді сөз сөйлеп, еске алу күнінің маңыздылығын, жауынгер-интернационалистердің ерлігі мен қажырлы еңбегін атап өтті. Оқушылар мен жас сарбаздар «Жауынгер-интернационалистер мемориалы» ескерткішіне ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойды.

Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерболат Жүсіпов ардагерлерге жас ұрпақ атынан алғысын білдірді.

«Еліміз тыныштық пен бейбітшілікте еңбек етіп жатқанда Сіздер өз жас өмірлеріңізді қауіп пен қатерге тігіп, денелеріңізді жаудың оғына төсеп, сол замандағы дүниежүзілік империализм қатерінен «Қырғи-қабақ соғыс» уақытында Отанымызды ұзақ та қиындықтарға толы он жыл қорғап тұрдыңыздар. Тарихтың тасқа басқан таңбасындай Сіздер халық пен Отанға берген Әскери антқа соңына дейін адал болып, нағыз жауынгерлік ерлік көрсеттіңіздер! Еліміздің алдында cіздер антқа адал болудың өнегісі болып қала бересіздер. Сіздерге Жас ұрпақтың атынан алғысымызды білдіреміз!», - деді ол.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан еліне кіргізілгеніне 40 жыл толған.

Хабар 24 телеарнасы