378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 2020 жылы кейбір коммуналдық төлемдер қымбаттауы мүмкін

  • 158
  • UPD: 13:35, 26.12.2019
Павлодарда 2020 жылы кейбір коммуналдық төлемдер қымбаттауы мүмкін

Бұл «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңесте мәлім болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Oблыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек Павлодардағы тарифтердің еліміздегі ең төменге көрсеткішке ие екендігін айтты.

Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер бағасын тұрақтандыруды жалғастыру монополистердің инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып, табиғатты қорғауға бағытталған жұмысын жүргізуге нұқсан келтіретінін алға тартты.

Болат Бақауов облыс орталығының әкіміне қоқыс тасып шығару тарифтерін қайта қарауды тапсырды.

«Мұндай тарифтермен қоқысты өңдеуге ешқашан қол жеткізе алмаймыз. Тарифті кем дегенде екі есеге көтеру керек. Мұны жақын арада қолға алып, аталған іс-шараны Ақсу мен Екібастұзда өткізу мүмкіндігін қарастыруымыз қажет», - деді Болат Бақауов.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қоқыс шығарудың бағасын 320 теңгеге дейін арттыру жөнінде «Спецмашин» ЖШС ұйымымен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді.

Одан бөлек, Ұлан Жазылбек сөзінен мәлім болғандай, жақында жылумен қамту тарифтері сәл көтерілуі мүмкін. Жоспарға сәйкес, жылумен қамту бағасы бюджеттік ұйымдар мен бизнес өкілдері үшін 19%-ға, ал тұрғындар үшін 10%-ға өседі. Нәтижесінде 2,5 Гкал жұмсайтын 65 шаршы метрлік пәтердің ай сайын жылуға төлейтін төлемақысы 563 теңгеге көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы