419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазАвтоЖол» алыс жолға шығар алдында 1403 нөміріне хабарласуға кеңес береді

  • 577
  • UPD: 15:00, 26.12.2019
«ҚазАвтоЖол» алыс жолға шығар алдында 1403 нөміріне хабарласуға кеңес береді

«Жол қозғалысының шектелуі туралы ақпаратты жергілікті жұрт 5 минутта алады.

Оны жедел түрде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратамыз», дейді «Қазавтожол» компаниясының өкілдері. Бұған қоса, алыс жолға шығарда, 14-03 нөміріне алдын ала хабарласып, қажетті мәліметтерді біліп алуға кеңес береді. Байланыс орталығындағы диспечерлер күні-түні жұмыс істейді. Олар жолдағы жағдай туралы ақпарат берумен қатар қиындыққа тап болған жолаушыларға да қажетті көмек көрсете алады. «Яғни, төтенше жағдайлар не жедел жәрдем сияқты қызметтермен байланыстырып, қауіптің бетін қайтаруға барын салады», - дейді Ақылы автомибиль жолдары дирекциясы баспасөз қызметінің басшысы

Айдана Айдынқызы, Ақылы автомибиль жолдары дирекциясы баспасөз қызметінің басшысы:

- Барлық автожүргізушілердің қолайлығы үшін бізде қысқа 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығы бар. Біздің диспечерлер келіп түскен сұрақтарға жауап дайындап, автожолдағы өзекті ақпарат туралы мәлімет береді және жүргізушілер жолда қалып қойған жағдайлар болса, осы нөмір бойынша хабарласа алады.

Хабар 24 телеарнасы