418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадр резервіне енген жастарға сенім мол

  • 475
  • UPD: 15:32, 26.12.2019

Елдің ендігі болашағы Президенттік кадр резервіне енген жастардың қолында.

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсет етіп қойды. Бұл межеге жету үшін адами капиталды жетілдіру керек. «Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің деңгейін, қабілет-қарымын арттыруда Президенттік кадрлық резерв жобасына артылар жүк ауыр», - дейді Президент жанындағы басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева. Себебі бұл тізімге тек білімі мен біліктілігін қатар шыңдаған таңдаулы жастар ғана кіреді.

Айгүл Көшербаева, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясының вице-ректоры:

- Президенттік кадрлық резервке кірген кандидаттар ол ең талантты, ең қабілеті көп жастар болып саналады. Талантты болған соң олар – адами капитал. Олар негізгі проблемаларды шешу және стратегиялық мақсатқа жету, эмоционалды интеллектілері өте жоғары болып табылатын адамдар болады деген сенімдеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы