377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қоғамдық көліктер қатарына жаңа 590 автобус қосылады

  • 127
  • UPD: 15:38, 26.12.2019
Шымкентте қоғамдық көліктер қатарына жаңа 590 автобус қосылады

Өңірде  қоғамдық көлікті күніне 650 мыңға жуық адам пайдаланады.

25 тасымалдаушы мекемеде 1 621 автобус бар. Олардың 60%-ы ескірген, деп хабарлады otyrar.kz.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін биыл 300 жаңа автобус алынған. Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі қолданылып, арнайы мамандармен бірлесе жұмыс тобы құрылып, жол картасы бекітілмек.

Жоспарға сәйкес, қаланың көлік саласын даму схемасы әзірленеді және 2020 жылы 590 жаңа автобус алынады.

Одан бөлек, келесі жылы қоғамдық көлік бағыттарын жаңа форматқа көшіру,заманауи диспетчерлік орталық құру, электрондық билеттендіруді енгізу жұмыстары да қолға алынбақ.

Хабар 24 телеарнасы