376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Топтасып мал ұрлағандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

  • 141
  • UPD: 17:57, 26.12.2019

Қылмыстық процестік заңнама жетілдіріліп, жеке адамның құқығын қорғауға қатысты баптарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Заң жобасын Сенат екінші оқылымда қабылдады. Адам өлтіру, зорлық-зомбылық, педофилия, мал ұрлығы мен браконьерлік, есірткі саудасы және мас күйінде көлік жүргізу сияқты қылмыстарға жаза күшейді. Мысалы, енді мал ұрлығы теріс қылық немесе орташа ауыр қылмыс деп бөлінбейді. Қылмыскер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал топ болып әрекет еткендер 7 жылға дейін түрмеге қамалады. Қылмысқа бірнеше рет барғандарға 10 жыл жаза кесілуі мүмкін. Сондай-ақ есірткіні жарнамалағандар да жазасыз қалмайды. Бұл орайда заңға жаңа бап енгізілді. Заңсыз балық аулап, аң атқандардың да жазасы қатаңдады. Олар 10 млн теңгеге дейін айыппұл төлеп немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Әйелдер мен балаларға зорлық көрсеткендерге заң аясында қатаң жаза қолданылады.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Президенттің тапсырмасын орындау барысында осы заң жобасы дайындалып келді. Жаңа нормалар, жаңа баптар енгізіп отырмыз. Оның ішінде мал ұрлау фактісі бойынша. Өйткені 42 пайыз халқымыздың ауылда тұрады. Сондықтан бұл мал деген олардың күнкөрісі. Бизнесі, тірегеннің көзі, тірлігі. Сондықтан мал ұрлығы, қорасынан малын алып кету ол отбасыларға үлкен трагедия деп есептейміз. Сондықтан осыны күшейту мақсатында жаңа бап көзделіп отыр. Бұл жерде біраз құрамдар ауыр қылмысқа жататын болады.

Хабар 24 телеарнасы