412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Сенаты ауқымды іс-шараларды жоспарлап отыр

  • 320
  • UPD: 17:55, 26.12.2019

Алдағы жылы Парламент Сенаты ауқымды іс-шараларды жоспарлап отыр. Жеті парламенттік тыңдау, 70 –ке жуық маңызды мәселені талқылауға арналған Үкімет сағаттары мен түрлі кездесулер өтеді.

Ең бастысы, ауыл, елді аралауға шығатын сенаторлар халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді көтерулері тиіс. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева депутаттардың алдына осындай міндет қойды. Сенаторлар халыққа 2020 жылы қандай өзгерістер болатынын қарапайым тілде түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жолдарын айтады. Әсіресе, әлеуметттік салаға баса назар аударылады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Сабақтастыққа негізделген жаңа билік мемлекеттік басқару жүйесінің барлық тармақтары, Елбасының кешенді бағдарламлары мен маңызды реформаларын іске асыруды жалғастыруға белсенді іске кірісті. Жалпы, жыл ішінде еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің жаңа кезеңін заңнамалық қамтамасыз ету бойынша Сенатта тыңғылықты жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде 83 заң жобасы жан-жақты пысықталып, маңызды заңдар қабылданды. Тұтастай алғанда қабылданған заңдар Елбасы мен Президент алдымызға қойған міндеттерді жүзеге асыруға және халқымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы