428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғындарының саны 5,8% өсті

  • 697
  • UPD: 17:06, 26.12.2019
Елорда тұрғындарының саны 5,8% өсті inbusiness.kz

2019 жылғы 1 қарашаға Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1 127 263 адамды құрады.

2018 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 61 360 адамға немесе 5,8%-ға өсті. Бұл туралы Елорда Инфо Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылғы қаңтар-қазанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 24299 туғандар тіркелді, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9%-ға кеміді. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 26,34 туғандарды құрады.

«Осы кезең ішінде қалада 3595 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 3,90 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылдың қаңтар-қазанда халықтың табиғи өсімі 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 601 адамға немесе 2,8%-ға кеміді», – делінген хабарламада.

Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары – 31%, жаңа өскін – 21,4%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 9,5%, тыныс алу органдарының аурулары 7,6% құрайды.

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 137585 адам келіп, 109410 адам кетті (көші-қон айырымы +28175 адам).

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан. 2019 жылғы қаңтар-қазанда келгендер 71985 адамды, кеткендер 42807 адамды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы