411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадр резервіне қабылданғандар өңірлерде жұмыс істеуі керек – Е.Саиров

  • 247
  • UPD: 19:57, 26.12.2019

Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданғандар орталықтарда ғана емес, өңірлерде де жұмыс істеуі керек.

Саясаттанушы Ерлан Сайыровтың айтуынша, бүкіл халықтың 42 проценті облыстарда тұрып жатыр. Сондықтан, жастардың білімі мен тәжірибесін осылай арттыру арқылы биік тұғырға шығарған абзал. Себебі, жауапкершілік жүгі ауыр.

«Елдің тағдыры мен болашағы - жастардың қолында. Оларды бүгіннен бастап, мемлекет ісіне ғана емес, экономиканың әр саласында шыңдау маңызды» - дейді саясаттанушы.

Ерлан Саиров, саясаттанушы: 

- Он сегіз млн 500 халықтағы жастардың үлесі жартысына жуық. Сондықтан жастар біздің еліміздегі экономикалық, әлеуметтік, саяси процесстердің баршасында толыққанды қарастырылуы керек. Сондықтан жастарға әлеуметтік және қоғамдық лифтілерді ашу  – ол мемлекеттің ең негізгі миссиясы.

Хабар 24 телеарнасы