378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мереке қарсаңында шырша саудасы ерекше бақылауға алынған

  • 153
  • UPD: 20:35, 26.12.2019

Елімізде ағашты рұқсатсыз кесуге тыйым салынған. Қазір сауда орындары мен базарларда сатылып жатқан табиғи шыршалар сырттан әкелінген. Бұған арнайы рейдке шыққан біздің тілшілеріміз кезекті рет көз жеткізді. Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары бақылауды барынша күшейткен.

Табиғи шыршалардың саудасы әдетте мереке таяған сайын қыза түседі. Айдың аяғына таман нағыз қарбалас басталады дейді тәртіп сақшылары. Осыған байланысты 17-ші желтоқсаннан бері арнайы шаралар қолға алынып, сауда орындары күнделікті тексеріліп жатыр. 

Нұрлан Нұржанов, табиғатты қорғау полициясының инспекторы:

- Бүгінге дейін заңсыз шырша сатушылар анықталмады. Барлық саудагерде тиісті құжаттары бар. Тауарлары талапқа сай. Олар шыршаны әкелгенде-ақ тексерістен өткіземіз. 

Қылқан жапырақты ағаштарға қатысты тексерісті табиғат қорғау полициясы жүргізеді. Мамандар «Шырша» жедел алдын-алу шарасы аясында қаладағы 50 сауда орнын жіті бақылауда ұстаймыз дейді. 

Аслан Қаженов, тілші:

- Мынау арнайы профилактикалық шаралар мен заңсыз кесілген шыршаларды тіркілеуді былай қойғанда, жалпы осы нарықта сауда қазір күрт төмендегенін алға тартады мамандар. Себеп. Себеп өте көп негізі. Біріншіден, халықаралық табиғатты қорғау ұйымдастырың ықпалы күшейді. Екіншіден, белсенділер ұйымдастыратын акциялар жиіледі. Үшіншіден, біздің ұлттық менталитет пен діни көзқарасымызға қайша келетін тұстары көп. 

Бұған қоса, қазір нарықта әртүрлі көлемдегі және пішіндегі жасанды шыршалар жетерлік. Бағасы да ойға қонымды. Сондықтан, қазір табиғи шыршаны сатып пайдаға кенелгендерден гөрі, шығынға батқандар көбейген сыңайлы. Кәсіпкерлер осылай дейді.Олардың айтуынша бірер жылдан кейін бұл бизнес мүлдем тоқтап қалуы да әбден ықтимал. 

Самат Исманов, саудагер:

- Жасанды шыршалар бағасы мың теңгеден басталады. Көлеміне қарай құны да артады. Біз оларды Алматыдан әкелеміз. Ал Алматыға Қытайдан жеткізіледі. 

Біздің елде шыршаларды кесуге тыйым салынған. Оған қатысты әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік бар. Ал сатылып жатқан табиғи үлгілері көбіне көрші Ресейден әкелінеді деп сендірді тәртіп сақшылары.

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы