377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қару атып, пышақ сермеген оқушылар сотталды

  • 159
  • UPD: 22:53, 26.12.2019

Шымкентте топ болып бұзақылық жасап, қару асынған жасөспірімдер жазаға тартылды. Олар сот шешімімен шартты түрде бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Кінәлі деп танылғандарға жыл бойына пробациялық бақылау белгіленді. Бұл оқиға естеріңізде болса, қыркүйекте болған еді. Кәмелет жасына жетпей сотталған үшеу қаладағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушыларымен төбелескен. Бұзақылар пышақ пен атыс қаруын қолданған. Істі сотта қарау барысында анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қалалық полиция департаментінің басшысы мен білім басқармасы басшылығының атына жеке қаулы шығарылды. Енді осы қаулы негізінде оқушыларға жауапты басшылар мен ұстаздар, тіпті ювеналды полиция қызметкерлеріне де шара қолданылмақ.

Дәурен Сайханов, қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы:

- Бұл қоғамға қарсы қылмыс біріншіден. Екіншіден олар өздерін қоғамға қарсы қойып, қаруды алып келіп пышақты алып келіп көшеде атыс жасады үш сотталған балдар. Өз кінәләрін толық мойындады. Істеген істеріне өкінді. Жәбірленушілерден кешірім сұрады. Соның барлығын ескеріп, бас бостандығынан айырған жоқпыз бұл балдарды. Ең бастысы бұлар кәмелет жасқа толмағандықтан бас бостандығынан айырған жоқпыз. Оларға шектеу мен шартты түрде жаза тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы