381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алатау жарық компаниясы» диспетчерлік бөлімшелерді жедел-ақпартаттық кешендермен жарақтандырды

  • 217
  • UPD: 22:56, 26.12.2019

«Самұрық-Энерго» энергетикалық холдингінің компаниялары ішкі үдерістерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді. Айталық, Алматы мен Алматы облысының бірқатар аудандарына энергия жеткізуші «Алатау жарық компаниясы» диспетчерлік пунктерді қайта құрылымдау жобасын іске асырды.

Компания өндірістік жұмыстарды цифрландыруды қарқынды жүргізіп келеді. Қазақстанда алғашқы болып, алты ауданда диспетчерлік бөлімшені жедел-ақпартаттық кешендермен жарақтандырды.

Жазира Оқас, «Атіgroup» компаниясының инженері:

- Қазір осы програманың арқасында барлық сигналдарды біз қазіргі дәл уақытта көре аламыз. Және диспетчерлар орнында отырып жұмыстарын істей алады. Толығымен автоматтандырылған. Барлығы 700 ТП-ға дестимеханика шкапын қойдық. Осы ТП-лардан диспетчер әртүрлі сигналдарды көре алады.

Осы бейнеқабырға арқылы диспетчер керекті трансформатор жайында барлық мәліметті біліп отырады. Энергия нысандарындағы  телеметриялық деректер орталық диспетчерлік пунктке беріліп, барлық технологиялық процесс қадағаланады.

Берік Сағындықов, «Алатау жарық компаниясының» бас инженері:

- Апаттық ескерту жұмыстары тездетілді. Себебі осыған дейін диспетчерский қоңырау шалады. Осы жерде свет өшті деп. Олар адам жібереді. Ол көреді өшті ма, өшпеді ма? Ал қазіргі кезде ол өз орнынан трансформаторын қосады станцияның. Ашып видеопанельді көре алады: кернеу бар ма, жоқ па, өзгерістер бар ма? сол жағынан жұмыстар тездетілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ мамандары айтуынша, цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндірістің қуаты артады. Сөйтіп электр торабындағы тоқ кернеуі тұтынушыларға кедергісіз жетіп, әр үйде жарықтың негіссіз сөнбеуін қамтамасыз етеді» дейді компания мамандары.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы