376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Жастар жылы қорытындыланды

  • 179
  • UPD: 22:22, 26.12.2019
Түркістан облысында Жастар жылы қорытындыланды

Жастар жылы Түркістан облысында 2 мыңнан астам жас кәсіпкерге 1 млрд теңге грант ретінде берілді. Осылайша 2 мыңнан астам жобаның басым бөлігі сәтті жүзеге асты. Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысы жастар жылын қорытындылаған еді. Сонымен айтулы жыл аймақ жұрты үшін несімен есте қалды?

Ерсұлтан Абдраманов агрономия факультетінің 4 курс студенті. Ол бос уақытының барлығын үйінде өткізеді. Бірақ бос отырмайды. Өйткені үйінде микрогрин өсіретін зертханасы бар. Ерсұлтан жалғыз жұмыс істемейді, қасында екі көмекшісі бар. Олар да студент жастар. Жақында ол стартап жобалар байқауында жеңіске жетіп, 3 млн теңге грант ұтып алды. Түркістанда істің көзін таба білетін жастар жетерлік. Бірі механикалық скутер ойлап тапса, енді бірі тұтас компания ашқан. 

Шадияр Төлеев, кәсіпкер:

- Ауыл шаруашылығына көңіл бөліп, сүт цехын құрдық. Тоғыз түрлі сүт өнімдерін шығарып, қазіргі күні Созақ ауданына таратып жатырмыз. Бізде қазір 17 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жас мамандар. 

Жыл соңында өңірде 356 жас маман үймен қамтылды. Сондай-ақ 1695 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты. Түркістандық мектеп оқушылары мен студенттері үшін 2019 жылғы ең үлкен жаңалық – Жастар орталығы ғимаратының пайдалануға берілуі. Қысқа уақыт ішінде мұнда 250-ге жуық әр түрлі жарыстар мен жиындар және форумдар  өтті. 

Жұлдыз Балтабаева, облыстық жастар орталығы басшысының м.а.:

- Келесі жылға жоспарымыз дәл осы қарқынмен еріктілер жылын бастаймыз. Қазір бізде облыста бас мыңнан аса еріктілер болатын болса, келер жылы олардың санын он бес мыңға жеткізу жоспарланып отыр. 

Биылғы жылдың өзінде белсенді жастар жүзге жуық жобаны жүзеге асыруға көмектесті. Қазір Түркістанда 3 волонтерлік клуб жұмыс істейді. Оның әр қайсысына 200-ден астам жастар тіркелген. Ерікті жастардың қатысуынсыз қалада ешқандай іс-шара өтпейді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбішов

Хабар 24 телеарнасы