380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 40 отбасы баспаналы болды

  • 109
  • UPD: 08:07, 27.12.2019
Семейде 40 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында семейлік 40 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ жылдар кезекте тұрған тұрғындарға қала басшылығы жаңадан бой көтеріп келе жатқан шағын ауданнан пәтер беруді жөн деп санапты. Қуанышқа бөленгендер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, Ұлы Отан соғысы ардагері, күш құрылымдарының қызметкерлері бар. Биыл шаһарда жалпы аумағы 100 мың шаршы метрден асатын 11 көп қабатты тұрғын үй тұрғызылыпты.

Ғалия Рахметова, қала тұрғыны:

- Балам 2-топ мүгедегі, 20 жыл кезекте тұрып, міне бүгін пәтердің кілтіне ие болып жатырмыз. Өте қуаныштымыз! Қазақ елі көркейе берсін! Баспанасы жоқтар баспана алсын!

Хабар 24 телеарнасы