377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жасанды шырша сәнге айнала ма?

  • 242
  • UPD: 08:07, 27.12.2019
Жасанды шырша сәнге айнала ма?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды.

Бүгінде мерекенің басты нышаны – жасыл шыршаның саудасы қызып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны безендіруге арналған ойыншықтардан көз сүрінеді. Қазір барлық мекеме, ұйымдарда жаңажылдық шаралар өтіп жатыр. Көпшіліктің таңдауы жасанды шыршаларға түсетін сияқты. Павлодарда терезе жақтаулары мен қатты қағаздан, тіпті алюминий құймасынан жасалған шыршалар бар. Ал Наталья Татарникова – перделер салонының иесі. Кәсіпкер мата мен кендір жіптерден 20-ға тарта шырша құрастырыпты. Бір күндік қызық үшін ағаштарды баудай түсіретіндерге ой салса екен дейді ол. Қысы-жазы өңін бермейтін шыршалар жаңа жылда аяусыз оталады. Павлодар қаласы аумағында қылқан жапырақтыларды заңсыз саудалаған 19 саудагер анықталды. Олар енді айыппұл төлейтін болады.

Наталья Татарникова, кәсіпкер:

– Мен шыршаны кесуге үзілді-кесілді қарсымын. Себебі қазір жасанды шыршалар өте көп. Ал жасыл желекті жоюдың табиғатқа зияны көп. Ерінбеген адам кез келген затты пайдаланып, ойдан шырша құрастыра алады. Мәселен, біздің салонға келген кейбір адамдар менің жасаған шыршаларымды көріп, тапсырыс беріп жатады. Мен оны қайталанбайтын туынды дер едім.

Қасым Рақымжанов, кәсіпкер:

– Мына шыршаны адам баласы көп болса 2 жұма ғана пайдаланады. Далада өсіп тұрған ағашты шабады да, лақтырып тастайды. Сол үшін быз мынадай шырша жасаймыз. Өзіміздің заттарды іліп қоямыз. Жаңа жыл біткесін, біз мұны қайтадан қораптарына салып, кісілерге сатамыз.

Хабар 24 телеарнасы